Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Алматы облысында төрт күн бұрын жоғалған қыз табылды

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының полицейлері сегізінші сынып оқушысын төрт тәуліктен соң тауып, үйіне қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында төрт күн бұрын жоғалған қыз табылды

14 қарашада Панфилов ауылының 33 жастағы тұрғыны кезекші бөлімге хабарласқан. Ол сегізінші сыныпта оқтитын 14 жастағы қызының жоғалып кеткенін айтқан.

"Жасөспірімге шұғыл іздеу жарияланғанымен, ол төрт тәуліктен соң табылды. Осы уақыт аралығында Алматыдағы сауда, ойын-сауық орталығында болған қыз ата-анасына тапсырылды", делінген ақпаратта.

Полицейлердің айтуынша, биылдың өзінде тәртіп сақшылары бұл қызды осымен жетінші рет іздеп, тапқан. Анасының айтуынша, ол саяхаттағанды жақсы көреді және қиялға көп ерік беретін көрінеді.