Әлем • 22 Қараша, 2020

COVID-19: G-20 –тың басты әңгімесі

21 рет көрсетілді

Франция президенті Эммануэль Макрон онлайн режімінде өтіп жатқан «Үлкен 20»жиынында коронавирусқа қарсы вакцинағажылдың аяғына дейін ақ қол жеткізуге болады деді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Макрон өз сөзінде вакцинаның тұрғындардыңбарлығына бірдей жеткізілуін айтса, Германия канцлері Ангела Меркель оның әлемдегі барлық мемлекеттердің халқына қолжетімді болуын, вирусқа қарсы күрестің тиімділігін арттыруда жұмыла қимылдаудың маңызына мән берді. Ал Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен   көшбасшы мемлекеттерді SARS-CoV-2 күреске арнап $4 млрд 500 млн бөлуге шақырды. Ол бұл жайында 21 қарашада өзінің Twitterдегі парақшасында жазып : «Вакцина пандемияны ауыздықтауға көмектеседі.Сондықтан мен саммитте ACT Acceleratorбастамасын қолдау үшін жылдың аяғына дейін $4,5 млрд инвестиция жасауға шақырдым. Бұл вирусқа қарсы тесттер мен дәрі-дәрмектерді және вакцинаны жаһандық тұрғыда қамтамасыз ету үшін қажетті сома», деген.

Естеріңізге салай кетейік, ACT AcceleratorCOVID-19-ға қарсы тұрып, тойтарыс беру мақсатында да биыл сәуір айында халықаралық әріптестік үшін құрылған жоба болатын.

Ұлыбритания желтоқсан айында жалпылама карантинді локальді, жекелеген аймақтарға ғана жасайды дейді Борис Джонсонн Үкіметінің баспасөз қызметіне жүгінген REGNUM. 

Ақпаратта 22 қараша күні Біріккен корольдіктің үкіметінде елде вирустың таралуы қаралып, сонда жасалған ұйғарымды Борис Джонсон 23-і күні парламентте жария етеді деп хабарланған.

Қазіргі болжам бойынша Англияда үш сатылы шектеу енгізіледі деп жобаланған. Біріншісі, пабтар мен қоғамдық тамақтану орындарының барлығының түнгі 22.00 де жабылуы және 6 адамнан асқан топпен жиналуға рұқсат берілмеуі. Екінші сатыда, бір үйде бірге тұрмайтын жандардың көпшілік шараларға жиналып кездесулер өткізбеуі, ал үшіншісінде,барлық кездесулерге тиым салынып, пабтар мен мейрамханалар жұмысы тоқтайтыны.

Соңғы деректерге қарағанда Ұлыбританияда пандемиядан 1 493 383 жан зардап шегіп, 54 626 адам вирус құрбаны болған.

Португалия Премьер-министрі  Антониу Кошта індеттің етек жаюына байланысты жаңа шектеулер енгізуге мәжбүрлік жайында хабарлады.

Жаңа ереже-тәртіп бойынша 27 қараша мен 2желтоқсан және 4-ші желтоқсан мен 9-ы аралағында елді мекендер аралығындағы жүріс-тұрыс шектеледі. Бұл қадамдар елдегі ұлттық мерекелер тұсында адамдардың бір-біріне қатынауынан туатын вирус жұғуын тежейді.

«Біздегі аурудың өсімі ұлт қауіпсіздігіне нұқсан келтірерліктей күйде деген пікірдеміз. Сондықтан да оны азайту үшін, аурудың одан әрі өршімеуі үшін осындай қадамға баруға мәжбүрміз», деп халықты денсаулықтарына мұқият болуға шақырды.

Қарашаның 21 күні  Португалияда жаңадан 6472 жанға вирус жұққаны анықталып, 62 пациентCOVID-19 –дан көз жұмған. Пандемия басталғаннан бері 255 970 адам SARS-CoV-2 инфекциясынан ауырған.

Кәрі құрлықтағы Македония, Косово сынды шағын мемлекеттерге індет тырнағы батып тұр.

Солтүстік Македонияның денсаулық сақтау министрлігі  21 қарашада 3 109 адам арасында жүргізілген тексеруде 1 182 жанның вирус жұқтырғаны анықталғанын хабарлаған.

Аурулар саны күн сайын өсіп жатқанына алаңдаған үкімет елдегі денсаулық саласының мұндай толқынға төтеп бере алмайтынына қынжылып, қазірдің өзінде өңірлердегі ауруханаларда орын жетіспегендіктен тұрғындардың қиналысын жеткізді.

Негізінде Балқан түбегінің батысын жайлаған елдер ішінде Македония вирус құрбандарының саны жағынан бұрын да алға шыққан-ды. Соңғы апатада вирус жұқтырудың бұрынғыдан да өскені Үкіметті қатты алаңдату үстінде. Кей күндері күніне 30 кейде 40 адамынан айрылып жатқан Македония, егер халық сақтық шараларын дұрыс ұстамаса жағдай мұнан да ауырлап, қаза саны күніне 100 жанға дейін жетуі мүмкін деген қауіп айтады.

Жұма күнінен бастап зпидемиологиялық ахуалға байланысты Косово үш бөлікке бөлінді. Ел астанасы Приштина «қызыл аймаққа» еніп, ондағы шектеулер қатайып, сағат 19:00 до 05:00 аралағына коменданттық уақыт белгіленді.

Приштина мэрі Шпенд Ахмети 26 қараша күні бір аптадан соі жағдай мұнан да ауырлайды деп айтқан болатын. Мэр болжамы рас болып шықты. Енді күн сайын 700 –дей адамнан вирус жұқтыру анықталып жатыр. Ал оның бұдан да өсуі де мүмкін деген билік алда тәулігіне 1000 адамға жұғады деп қауіптенеді.

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Кеше

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Кеше

Кемеңгер келбеті

Руханият • Кеше

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Кеше

Нұр-аға

Руханият • Кеше

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар