Қоғам • 23 Қараша, 2020

"Халық сүйіктісі" сыйлығының финалистері белгілі болды

288 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

"Халық сүйіктісі" сыйлығының 10-шы маусымының үміткерлері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Халық сүйіктісі" сыйлығының финалистері белгілі болды

"Республика-Аймақ-Даму" қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтоқ таяуда "Халықтың сүйіктісі-2020" Ұлттық сыйлығына үміткерлерді ұсыну басталғанын хабарлаған болатын.

Ал бүгін сыйлықтың финалистері айқындалды:

№1 номинация. "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ"

Төлеубаев Данияр Ерғалиұлы, Жезқазған индустриялық-гуманитарлық колледжі басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

Төлеген Васильевич, Нұр-Сұлтан қаласының №17 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі;

Григорьева Нина Михайловна, флейта оқытушысы, Қазақ ұлттық өнер университетінің үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті;

Төлеміс Жұлдызай Серікқызы, Қостанай облысы, "Озат" мамандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының биология пәнінің мұғалімі.

№2 номинация. "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДӘРІГЕРІ" 

Қадырова Әсия Мырзағалиқызы, "Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы" КММ дерматовенерология бөлімінің бастығы;

Пя Юрий, қазақстандық дәрігер, кардиохирург;

Жаңатаров Ержан Бисембайұлы, стоматолог, "Сымбат" клиникасының жетекшісі;

Асанбаев Болат Сайдаұлы, Қызылорда облыстық инфекциялық аурулар ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі.

№3 номинация. "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫ"

Рахмонов Шафкат, UFC-дегі қазақстандық файтер;

Юлия Галышева, фристайлшы, қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері;

Левит Василий, қазақстандық әуесқой боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері;

Жұмағұлов Жалқас (ЖӘКӨ), қазақстандық аралас стильдегі спортшы.

№5 номинация. "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІСІ"

Дина Төлепберген, қазақстандық тележурналист, КТК арнасының жүргізушісі;

Нартай Аралбайұлы, "Мәселе" бағдарламасының бас редакторы, авторы, жүргізушісі, "Жүзден жүйрік" бағдарламасының жүргізушісі;

Дмитрий Олейников, "Хабар" телеарнасының жүргізушісі;

Шойымбек Бақыт, "Астана" телеарнасының жүргізушісі.

№6 номинация. "ЖЫЛ ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ" 

Димаш Құдайберген, Қазақстанның өнер қайраткері, танымал қазақстандық әнші;

Нелдібаев Әсет Төлегенұлы, "Астана-Опера" Мемлекеттік опера және балет театры симфониялық оркестрінің фагот тобының концертмейстері;

Иманбек, қазақстандық диджей және музыкалық продюсер;

Адамбай Нұртас, қазақстандық актер, шоумен, режиссер, продюсер және сценарист.

№7 номинация. "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПАРЛАМЕНТАРИЙІ"

Нығматулин Нұрлан, Мәжіліс спикері;

- Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты, ҚКХП фракциясы;

- Жүсіп Нұртөре, Сенат депутаты; - Павел Казанцев, Мәжіліс депутаты.

№8 номинация. "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПУБЛИЦИСТІ"

Михаил Козачков, журналист, публицист;

Андрей Чеботарев, саясаттанушы, "Альтернатива" заманауи зерттеулер орталығының директоры;

Қуат Даурен, "Қазақ әдебиеті" республикалық газетінің бас редакторы;

Шибұтов Марат, саясаттанушы, публицист.

№9 номинация. "ЖЫЛДЫҢ БЛОГ САЛАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ"

Асқар Жанапов, Youtube, туристік блогер;

Қорғанбекова Насима, Facebook, құқық қорғаушы;

Майгелдинов Қазбек, Facebook, саясаттанушы;

Русинович Кристина, Instagram.

№10 номинация. "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ БАСЫЛЫМЫ"

Zakon.kz;

Гиперборей - You Tube,

Вадим Борейконың арнасы;

Nur.kz;

Azattyq Rýhy.

Ұйымдастырушылар дауыс берудің ақтық кезеңі бүгін, яғни 23 қарашада www.lubimec.kz ресми сайтында басталып, 3 желтоқсанда аяқталатынын хабарлайды.

Сонымен бірге әділ қазылардың бір ауыздан берген шешімімен "Алтын дәуір" Құрметті номинациясына музыкалық педагог, профессор, Қазақ КСР Халық әртісі Кесоглу Лаки Константинович ие болды.