Әлем • 23 Қараша, 2020

Челябі қаласында қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Челябі қаласында қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды, - деп жазады Egemen.kz

Челябі қаласында қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды

«Отандастар қоры» КеАҚ сынып ашу үшін қажетті интерактивті құрылғылар топтамасын «Азамат» қазақ қоғамдық ұйымына табыстады. Бұл туралы ұйымның төрағасы Қанат Сейтіков өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Бүгінде қазақ тілі сабақтарының ІІ семестрі өтуде. Онлайн сабақтарға қатысу үшін «OQ-BILIM» (https://t.me/otandastar_qory) телеграм парақшасына тіркеліп, Microsoft Teams платформасын орнату қажет. Сабақтар аптасына 3 рет, күніне 4 мәрте өтеді.

Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар