Әлем • 23 Қараша, 2020

Владимир Зеленский коронавирустан айықты

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус індетімен ауырған Украина президенті Владимир Зеленский тест нәтижесінің теріс шыққанын және қалыпты жұмыс кестесіне оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Владимир Зеленский коронавирустан айықты

"Қазір көңіл күйім көтеріңкі, дене қызуым да 36,6 болып тұр. Оның басты себебі тест нәтижесі теріске шықты. Енді Украина президентінің кеңсесі орналасқан көшеде жұмыс істеп жатырмыз", дейді Украина президенті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін В.Зеленский 9 қараша күні қауіпті індетті жұқтырып алғанын хабарлаған еді. Дәл осы жайттан кейін президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак та шалдыққан болатын. Ал 12 қарашада оның кеңесшісі Михаил Подоляк президент пен Ермак Киевтегі Феофания ауруханасында ем-дом қабылдап жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ бүгін А.Ермактың  коронавирусқа қатысты тест сынамасы теріс шыққанын, ол да әдеттегідей жұмысына оралғанын айтты.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі Украинадағы індет кезінде 635 689 адамда коронавирус анықталса, оның 291 060-ы жазылып шыққан. Ал 11 075-сінде өлім жағдайы тіркелген.