Әлем • 24 Қараша, 2020

Англияда үш балдық шектеу жүйесі енгізіледі

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 желтоқсанға дейін елде локдаун режімі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz

Англияда үш балдық шектеу жүйесі енгізіледі

Бұдан әрі әрбір өңірде эпидемиялық ахуалға байланысты әртүрлі дәрежедегі шектеулер шаралары енгізіледі. 

Мысалы, қауіптіліктің ең жоғары үшінші деңгейіне тамақтану объектілерінің тоқтатылуы және COVID-19 жаппай тестілеуі жатады.

Екінші деңгейлі аймақтарда мейрамханалар жұмыс істейді, бірақ тек 23:00-ге дейін. Сонымен қатар, ашық ауада жаттығуға рұқсат етіледі.

Қауіптілік деңгейі төмен аймақтарда британдықтар спорттық іс-шараларды тамашалай алады, бірақ көрермен санына шектеу қойылады.

Күзде Англияда карантиннің үш деңгейлі жүйесі болды, бірақ ел билігі шектеу шараларының қысқы нұсқасы қатаң болатынын ескертті.