Қоғам • 25 Қараша, 2020

Аудан орталығына кіріп-шығу шектелді

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұқпалы індетке шалдыққан науқас саны Жетісуда да көбейіп келеді. Әсіресе, ауылдарда шектеу мен сақтық шарасының күшейгеніне қарамастан жұқтырушылар саны азаймай отыр. Аймақтың санитарлық қызметі жекелеген елді мекендерге қатысты қатаң шектеулер енгізуді бастады.

Аудан орталығына кіріп-шығу шектелді

Мәселен, Қаратал ауда­ны­ның бас санитар дәрігерінің қаулысымен Үштөбе қаласы­ның кіреберісіне санитарлық бекет орнатылды. Мобильді пост аудан орталығына кіріп-шығатын жолаушыларды ба­қылап, дене қызуын өлшейді. Сонымен бірге үй карантинінде жатқан адамдарды, олармен байланыста болғандарды қа­ладан тысқары шығармауды қадағалайды. Пост жұмысына полиция өкілдері, медицина қызметкерлері тартылған. Олар арнайы қорғаныш қ­ұ­ра­лдарымен қамтамасыз етіл­ген. Ал Қаратал ауданы бо­­йын­ша қатаң шаралардың қа­­былдануына өңірдегі науқастар санының он адамнан асып кет­кені себеп болған.

Жалпы, Алматы облысын­да 21 қарашадан бастап ка­ран­тиннің кейбір талаптары қайтадан күшейтілген еді. Бас санитар дәрігер қол қой­ған жаңа қаулыда өңірдегі ка­рантиндік шектеулерді ұзар­ту жайы қа­рас­тырылған. Со­нымен қатар жаңа құжатта ойын мекемелері, ойынхана­лар, казино, ұтысқа ақша ті­гіп, құмар ойындар өт­кі­зетін ғимараттардың жұ­мы­сы тоқ­татылды.

 

Алматы облысы