Әлем • 25 Қараша, 2020

Қазақстандық музыкант Grammy сыйлығына ұсынылды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтың SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандық музыкант Grammy сыйлығына ұсынылды

Grammy номинанттарының тізімі сыйлықтың ресми сайтында жарияланды. Одан бөлек, Иманбектің өзі де Instagram сторисінде осы қуанышты жаңалықты бөлісті.

2019 жылы Иманбек Зейкенов әлемдегі чарттардан табылған Карлос Сент-Джонның «Roses» ремиксін желіге жариялады.

Бұған дейін Иманбек Ақсу ауылында теміржолшы болып жұмыс істеді және ол әлі күнге дейін сонда отбасымен тұрады.

Қазірде музыкант ресейлік Effective Records компаниясымен келісімшартқа отырды. Сондай-ақ Карлос Сент-Джонмен ремиксті заңды түрде шығару туралы келісім де жасады.

Айта кетейік, Grammy сыйлығын табыстау рәсімі 31 қаңтарда өтеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар