Аймақтар • 25 Қараша, 2020

Жамбылда медициналық құрал-жабдықтар алуға 1,6 миллиард бөлінген

395 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде Жамбыл облысында коронавирус індетімен күрес жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбылда медициналық құрал-жабдықтар алуға 1,6 миллиард бөлінген

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, өңірде инфекциялық станционардан 4149 адам сауығып шыққан. Алайда, осы уақытқа дейін тәулігіне 10 адам қауіпті індетті жұқтырған болса, әзірге сол көрсеткіш қайталануда екен.

Өңірдің бас дәрігерінің сөзінше, өткен тәулікте 4324 жағдай тіркелген. Тіркелген жағдайлардың ішінде 1908 науқас симптоммен, ал, 2416 науқас симптомсыз болған. Бұл ретте коронавируспен күресте жергілікті бюджеттен қомақты қаражат қарастырылған. Мәселен, медициналық мақсаттағы құрал-жабдықтарды сатып алуға 1,6 миллиард теңге бөлінген. Ол қаражатқа 2 экстрокорпаралды мембранды оксигенация аппараты, 100 көпфункционалды кереует, 14 бірлік өкпені жасанды желдету аппараты, 3 КТ аппараты, 3 КЩС аппарат, 4 цифрлық рентген аппараты, 4 оттегі станциясы және тағы да басқа  медициналық жабдықтар алынуда.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен Жамбыл облысының жедел жәрдем стансасына 66 бірлік медициналық көліктер лизинг бойынша берілген. Сондай-ақ, 53 бірлік өкпені жасанды желдету аппараты, 8 жылжымалы медициналық кешен алынған. Басқарма басшысы бүгінде өңірдегі 78 медициналық ұйымға 6 миллиард теңге көлемінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізілгенін атап өтті.

"Ал, медициналық ұйымдар бойынша айтар болсақ, олардың 34-і басқармаға қарайды. Сонымен қатар, 35 ұйым жекеменшік, қалған 9 ұйым әскери-медициналық ұйымдар. Аталған 6 миллиард теңгенің 1,1 миллиард теңгесі коронавирус індетін  емдеуге, алдын алуға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар алуға арналған", дейді Әсет Қалиев.