Міне, бүгін де олар Instagram және Facebook әлеуметтік желілері арқылы онлайн-брифинг беріп, бір аптада 221 қылмыстың тіркелгенін жария етті және сұрақтарға жауап берді. Жедел-қызметтік әрекеттер бойынша баяндаған Департамент штабының бастығы, полковник Сәуле Амантаева тіркелген 221 қылмыстың 92 пайызы ашылғанын мәлімдеді. Тіркелген қылмыстардың арасындағы резонанс тудырғаны – Жамбыл ауданындағы кісі өлтіру оқиғасы болды.
Осы ауданның Баян ауылында тұратын ағайынды екі жігіттің үлкені арақ ішкеннен кейін болған жанжалдың барысында 27 жастағы інісіне пышақ салған. Алған жарадан інісі сол жерде жан берген. Қазір үстінен іс қозғалған қылмыскер арнайы оқшаулағышта отыр.
Сонымен қатар өткен аптада облыста 7 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 2 адам өліп, 10 адам жараланған.