Әлем • 26 Қараша, 2020

Германияда 20 желтоқсанға дейін мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтары жабық болады

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияда 20 желтоқсанға дейін мейрамханалар мен басқа да қоғамдық тамақтану орындары, сондай-ақ ойын-сауық және мәдени орталықтар жабық болады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Тиісті келісімге Германия канцлері Ангела Меркель мен федералды мемлекет басшыларының кеңесінде қол жеткізілді.

Сонымен қатар, федералды және мемлекеттік органдар сырқаттану көрсеткішінің жоғары деңгейі бар аймақтар үшін шектеу шараларын қатайтуға ниетті (соңғы жеті күнде 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам жағдай).

Жаңа шектеулер мектептер мен сауда саласына қатысты болмақ. Рождество мерекесі алдында дүкендер мен сауда орталықтарында адамдардың көп жиналуына жол бермеу үшін тиісті шараларды қабылдау жоспарлануда.

Атап айтқанда, ауданы 800 шаршы метрге дейінгі сауда орындарында 10 шаршы метріне бір адамның, ірі дүкендерде 20 шаршы метріне бір адамнан артық кіруіне рұқсат етілмейді.