...Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингке қатысқан Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев осылай деді. Яғни тарифтерге қатысты өзгеріс күтіліп отырған жоқ.

Оның айтуынша, осы жылдың қаңтарында халық үшін тарифтердің өсуі тежелді. Әйтпесе, коммуналдық қызметтер тарифінің орташа жоспарлы өсімі 15,5 пайызды құрауға тиіс еді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданған шаралардың нәтижесінде тарифтердің өсуі 2019 жылғы қаңтармен салыстырғанда республика бойынша орта есеппен 0,5 пайызды құрады. Тек электрмен жабдықтауда ғана 5 пайыздық өсім тіркелген. Бұған стансалардың шекті тарифтерінің орта есеппен 15 пайызға өсуі себеп болған.
– Комитет тарифтердің өсуін тежеу үшін 400-ден астам монополистің қызметіне талдау жүргізді. Соның нәтижесінде барлық өңірдегі субъектілерге жалпы сомасы 16,4 млрд теңгеге уақытша өтемдік тарифтер бекітілді. Бұдан бөлек, басым бағыттары жоқ монополистердің жекелеген шығыстары 10,4 млрд теңгеге оңтайландырылды. Осылайша, халық шамамен 27 млрд теңге үнемдейді, – деді ол.
Комитет төрағасының айтуынша, биылғы төтенше жағдай кезінде тарифтер орта есеппен 7,4 пайызға төмендеген. Сөйтіп, бір айда тұтынушылар 1 млрд теңге үнемдеді.
– Президент тапсырмасына сәйкес 1 сәуірден бастап төтенше жағдай және карантин кезеңінде республика бойынша сумен жабдықтау тарифі 8 пайызға, су бұру тарифі 9,3 пайызға, жылумен жабдықтау тарифі 7,6 пайызға, электрмен жабдықтау тарифі 5 пайызға төмендеді, – деп нақтылады Асан Дарбаев.
Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде монополистерге қарызы бар тұтынушыларды коммуналдық қызметтерден ажыратпау ұсынылды.
Монополист демекші, оларға осы жылдың он айында 1,11 млрд теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның жартысына жуығы төленіп, мемлекеттік қазынаға түскен. Жалпы, жыл басынан бері табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін монополистерге қатысты 412 қаулы шығарылған.
– Азаматтық істердің жалпы саны 267-ні құрады. Оның 77 пайызы комитеттің пайдасына шешілді. Заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарау аясында монополистерге қатысты жоспардан тыс 66 тексеру жүргізілді. 42 жағдайда бұзушылықтар анықталды. Тиісінше, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өтініштерді талдау бойынша заңнаманы бұзу туралы 319 ұйғарым шығарылды. Оның 213-і орындалды, – деді комитет төрағасы.
Бұл ретте, қызмет көрсетуші компаниялар инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыратыны белгілі. Комитет олардың орындалуын бақылауға ерекше көңіл бөледі. Субъект тарифті алған соң жаңғырту және дамыту бойынша белгілі бір міндеттемелерді орындамаған жағдайда Табиғи монополияларды реттеу комитеті өтемдік тариф енгізе алады. Яғни игерілмеген қаражатты тұтынушыларға қайтаруы керек болады.
– Былтырғы субъектілердің тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуына талдау жүргізілді. Нәтижесінде, кейбір міндеттемелердің орындалмағаны анықталды. Осыған байланысты бүгінде республика бойынша 12,4 млрд теңгеге 300-ден астам субъектіге уақытша өтемдік тарифтер бекітілді. Оның ішінде тарифтік сметаны орындамағаны үшін – 9,08 млрд теңге, инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны үшін 3,34 млрд теңге белгіленді. Өз кезегінде бұл 12 аймақтағы тарифтердің төмендеуіне әсер етті, – деді Асан Дарбаев.
Сондай-ақ жылу беру кезеңіндегі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жыл сайын артық төленген ақша қайтарылады. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға 737 млн теңгеге жуық қаржы қайтарылған.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандық вакцинаны салдырамын
Президент • Бүгін, 14:05
Президент тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін айтты
Қоғам • Бүгін, 13:56
Қызылордада биыл 4 ірі жоба іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі байланыс пен интернет сапасын сынға алды
Технология • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы: Жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан жайылымдарды қайтаруды тапсырамын
Президент • Бүгін, 13:35
Шатырдағы мұз сүңгілері құлап, 11 жастағы бала көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Президент Үкіметке «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 13:23
Жайық өзенінің экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады - Президент
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Жер кодексіне түзетулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Елорда әкімі тұрғындардың газдың бағасына келіспеушілігі болғанын мойындады
Елорда • Бүгін, 13:05
Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі құрылады
Президент • Бүгін, 13:04
Президент азаматтар қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналасатын үш өңірді атады
Қазақстан • Бүгін, 12:58
Боранда жолға шыққандар жапа шекті
Оқиға • Бүгін, 12:57
Президент бюджетке түсетін салықтың аз екенін айтты
Президент • Бүгін, 12:51
Жерлесіміз АТР чемпиондық жарысында үшінші орынға көтерілді
Теннис • Бүгін, 12:49
Президент Гүлшара Әбдіхалықовадан облыстағы құрылыс қарқынының баяулау себебін сұрады
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Президент шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды
Экономика • Бүгін, 12:47
Қаржы • Бүгін, 12:46
Үндістанда екпе туралы қауесет таратқандар жазаға тартылады
Әлем • Бүгін, 12:43
Биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болады
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қ.Тоқаев Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасына тапсырма берді
Президент • Бүгін, 12:38
IIHF хоккейден әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы бүгін анықтайды
Хоккей • Бүгін, 12:37
Алексей Цой: Үш өңірдің эпидемиялық ахуалы жеткілікті деңгейде қадағаланбай жатыр
Медицина • Бүгін, 12:37
Жамбыл облысында қылмыс деңгейі төмендеді
Аймақтар • Бүгін, 12:32
СҚО-да қолайсыз ауа райынан төрт автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Президент Үкіметке Қызылорда облысына қолдау көрсетуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:24
«Қазақ радиосы»: Нұр-Сұлтанда көптеген көше атауы ауысып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:22
«СҚ-Фармация»-ны бақылаушы құрамға арнайы қоғамдық жұмыс тобы құрылды
Медицина • Бүгін, 12:20
Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:19
«Жүйесіз сөз иесін табады» - депутат Ахметов өзін сынағандарға жауап берді
Қазақстан • Бүгін, 12:19
Өткен жылы 700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алған
Бизнес • Бүгін, 12:15
iKomek109: Есірткіге тәуелді жандарға консультация беріледі
Аймақтар • Бүгін, 12:13
Қорғаныс министрлігінде апталық аппарат кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 12:11
Жер учаскесі онлайн рәсімделеді - Асқар Мамин
Қоғам • Бүгін, 12:04
Елімізде 100 жаңа ІТ-компания құрылады
Қазақстан • Бүгін, 12:02
Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағы үшін таласпайтын болды
Спорт • Бүгін, 12:00
Үкіметтің биылғы басты мақсаты – экономика өсімін 3 пайыз деңгейінде ұстап тұру
Қазақстан • Бүгін, 11:57
Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 73,3 жасқа ұзарады
Қоғам • Бүгін, 11:57
Президент вакцинация мәселесіне қатысты тапсырма берді
Президент • Бүгін, 11:56
ЖОО сапасын арттыру үшін 20 академиялық орталық құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:54
2021 жылы әлемдік экономика 5,2%-ға дейін қалпына келуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 11:49
Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында мерт болды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Антикорда мониторингтік топтың жылдық қорытындысы шығарылды
Қазақстан • Бүгін, 11:46
Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматқа көшіріледі
Білім • Бүгін, 11:44
Алексей Цой дәрі тапшылығына байланысты сұраққа жауап берді
Үкімет • Бүгін, 11:40
Бюджет саласындағы 1 млн-нан астам қызметкердің жалақысы өседі
Үкімет • Бүгін, 11:36
2021 жылы теңге бағамын тұрақтындыру бойынша жұмыстар жалғасады – Ерболат Досаев
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Ұлттық банктің активтері жоғары деңгейде қамтамасыз етілді
Үкімет • Бүгін, 11:32
Халыққа тегін вакцинация жасау қамтамасыз етіледі
Үкімет • Бүгін, 11:28
Үкімет басшысы 2021 жылда дамыту тиіс 7 басты бағытты атады
Президент • Бүгін, 11:18
Қызылордада 10 жасар баланың өліміне қатысты істі арнайы комиссия тексереді
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Қазақстан тұрғын үй құрылысы бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында
Қазақстан • Бүгін, 10:55
Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
Президент • Бүгін, 10:54
Қазақстанда алғаш рет Климат сағаты пайда болды
Қазақстан • Бүгін, 10:47
Спорт • Бүгін, 10:47
Даңқты Уэйн Гретцки 60 жасқа толды
Хоккей • Бүгін, 10:45
Коронавирус уақыты соңғы 100 жылдықтағы ең ауыр дағдарыс - БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:43
Бүгін Валентин Йордановтың туған күні
Күрес • Бүгін, 10:35
Қызылорда облысында «қызметкерімен төбелескен» аудан әкімі туралы нақты ақпарат айтылды
Аймақтар • Бүгін, 10:30
Атырауда І топтағы мүгедек дипломын 13 жылдан соң алды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Коронавирус • Бүгін, 10:21
Бағдат Мусин қауіпсіздік саласындағы цифрлық жобалармен танысты
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Автокөлікті мобильді қосымша арқылы онлайн тіркеуге болады
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Барлық COVID-19 қарсы вакцинаның құрамы бірдей ме?
Қоғам • Бүгін, 10:15
Алматыда аралас жекпе-жектен екі турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 10:08
Шаңғыдан әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді
Қысқы спорт • Бүгін, 09:57
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 100 миллионға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 09:57
Атырауда шетелдік әйел танысын 50 мың теңгеге бопсалаған
Аймақтар • Бүгін, 09:55
Токио олимпиадасы уақытында өтеді - Томас Бах
Спорт • Бүгін, 09:52
Ұқсас жаңалықтар