"Құс тұмауы еліміздің бірқатар өңірін қамтыды. Оның ішінде Ақмола облысы да бар. Нақтырақ айтқанда, біздің өңірде бұл көрсеткіш төмен болды. Ауруға 2,5 бас құс шалдықты, оның барлығы 18 ауылда анықталды. Жедел түрде карантиндік бекеттер қойылып, ауру ошақтары жойылды", деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сонымен қатар ол жедел шаралардың арқасында аталған ауру құс фабрикаларына дейін жетпегенін атап өтті.
"Өкінішке қарай, кейбір облыстар осындай жағдайға тап болды. Біздегі жеті құс фабрикасында инфекция тіркелмеді. Мемлекет тарапынан елеулі қолдау болды, бізге вакцияналар дер кезінде жеткізілді", деді Ермек Маржықпаев.