Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде бір аптаға созылған күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Біз бұған дейінгі нәтижелерді үзбей беріп тұрған едік. Жарыстың соңғы күндері грек-рим күресі шеберлері боз кілемге шығып, 10 салмақ дәрежесі бойынша түрлі-түсті медальдарды сарапқа салды.

55 кило салмақтың жартылай финалында алматылық Қорлан Жақанша талдықорғандық Марлан Мұқашевты ұтса, жамбылдық Жансерік Сәрсембиев қызылжарлық Аманғали Бекболатовтан басым түсті. Қос мықты ақтық сында жолықты. Көпшілік бұл жекпе-жекте Жақаншаның ұтатынына сенімді болды. Осыған дейін Азия біріншілігінде үш рет жүлдегерлер қатарынан көрінген ол былтыр Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында күміс медальді иеленді. Сәрсембиев те ондай атақтың бірі де жоқ. Бірақ ол мінезді жігіт екен. Әйгілі қарсыласымен қаймықпай айқасқан Жансерік бас жүлдені жеңіп алды. Қорлан күмісті қанағат тұтты. Жартылай финалда оларға жол берген қос балуан қола медальді иеленді.
60 кило салмақ дәрежесінің фавориттері Мейрамбек Айнағұлов пен Айдос Сұлтанғали екені сөзсіз. Екеуі де дүниежүзілік додаларда дараланған дүлдүлдер. 26 жастағы Мейрамбек 2017 және 2019 жылдары жүлдегерлер қатарына қосылды. Парижде ол күміс алса, Нұр-Сұлтанда қолаға қол созды. Одан бөлек, Ақтөбе облысының өкілі Азия ойындарында үшінші сатыға табан тіресе, Азия біріншілігінде бір күміс пен екі қоланы қоржынға салды. 24 жастағы Айдос 2018 жылы Будапеште ұйымдастырылған әлем чемпионатында қола медальді мойнына ілді. Қызылордалық спортшының басқа да атақтары аз емес. Осы жайттың барлығын ой елегінен өткізген мамандар басты тартыс айтулы қос саңлақ арасында өрбиді деп топшалады. Бірақ бұл жорамал жоққа шықты. Айнағұлов ширек финалда өскемендік Ернар Фидахметовке жол берді.
Финалда Айдос Сұлтанғали Ернар Фидахметовтен басым түссе, Мейрамбек Айнағұлов пен ақмолалық Дастан Зарлыханов қола медальді еншіледі.
63 кило салмақта Қорланның туған ағасы Бағлан Жақанша да ақтық сынға дейін алқынбай жетті. Бірақ ол да шешуші тұста сүрінді. Алматылық өреннің жамбылдық Сұлтан Әсетұлына әлі жетпеді. Нұр-Сұлтандық Асаухат Мұхамадиев пен талдықорғандық Ғалым Қабдунасаров қола медальді еншіледі.
67 кило салмақтағы Алмат Кебісбаевтің жанкештілігіне сүйсінбеу мүмкін емес. Жасы 33-ке таяп қалған Алматттың халықаралық аренада Қазақ елі намысын қорғап жүргеніне 12 жылдан аса уақыт болды. Сол аралықта Семей өңірінің өрені әлем чемпионатында төрт рет және Азия ойындарында екі рет жүлде алды. Арасында күмісі мен қоласы да бар. Кебісбаев екі мәрте Азия чемпионы атанып, тағы екі рет күміспен күптелді. Лондон мен Рио Олимпиадаларында бақ сынады. Соңғы жарысында ол бесінші орынға табан тіреді. Биылғы ел біріншілігінде Кебісбаевқа Мейіржан Шермаханбет лайықты қарсылық көрсетеді деп ойладық. Бірақ жас дарын бастапқы бәсекелердің бірінде Солтүстік Қазақстан облысының балуаны Данияр Қаленовке 3:5 есебімен ұтылды.
Нәтижесінде Алмат барлық қарсыласын қапы қалдырып, бас жүлдені қанжығасына байлады. Ақтық айқаста ол Алматы облысының өкілі Нұрбек Қызыровты 7:5 есебімен ұтты. Ақтөбелік Тәңірберген Наурызбаев пен шымкенттік Әділхан Сәтаев жүлдегерлер қатарына қосылды.
72 кило салмақ дәрежесінің финалында атыраулық Каһарман Қисметов пен алматылық Азат Садықов күш сынасты. Бұл бәсеке алғашқысының пайдасына шешілді. Темірлан Өмірбай (Алматы қаласы) мен Олжас Сүлеймен (Қызылорда) үшінші сатыға табан тіреді.
77 кило салмақта бас жүлде үшін тартыс Алматы облысының қос саңлағы – Асхат Ділмұхамедов пен Демеу Жадыраевтың арасында өтті. Бұл бәсекені барша мамандар тапжылмай тамашалады. Біраз жылдан бері осы салмақтың тізгіні Асхаттың қолында. Оның Азия чемпионы және сол жарыстың үш дүркін жүлдегері деген атақтары бар. Әлемдік додаларда Ділмұхамедов жеңіс тұғырына сынық сүйем қалғанда сүрініп жүр. Демеу 2017 жылы Парижде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Құрлықтың басты додасында екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. Бірақ бұл атақтарға ол сәл жеңіл салмақтарда қол жеткізді. Соған қарамастан Жадыраев Алматыдағы жарыста өзін жақсы қырынан көрсетті. Финалда Демеу Асхаттан 7:3 есебімен айласын асырып, ел чемпионы атанды. Азия чемпиондары Максат Ережепов пен Темірлан Шадукаев қола медальді қоржынға салды.
82 кило салмақта Мирас Баршылықовтың бағы жанды. Қостанайлық спортшы финалда шымкенттік Шәміл Батыровқа шаң қаптырып кетті. Темірлан Байғанин (Қостанай) мен Қуанышбек Досжанов (Ақтөбе) үшінші орынды иеленді.
87 кило салмақ дәрежесінде Азия чемпионы Нұрсұлтан Тұрсыновтың тұғыры биік болды. Бірнеше жыл спорттан шеттетілген Шығыстың шымыр жігіті боз кілемді әбден сағынып қалған екен. Алатау баурайында ол тамаша өнер көрсетті. Жарысты басынан аяғына дейін бір деммен өткізген Нұрсұлтан финалда елордалық Азамат Кұстыбаевтың тас-талқанын шығарды. Есеп – 9:1. Элмар Укали (Шымкент) мен Абдулазиз Кочерадзе (Алматы) үшінші орындарды иемденді.
97 кило салмақта Ерұлан Ысқақовтың тегеурініне ешкім шыдамады. Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионы деген атағы бар Қарағандының қыраны финалда Сыр бойының сайыпқыраны Олжас Сырлыбайға сан соқтырса, Мейірбек Қордабай (Жамбыл) мен Салауат Ахметқали (ШҚО) жүлдегерлер санатына қосылды.
130 кило салмақтың финалында шымкенттік Әлімхан Сыздықов пен ақмолалық Талғат Жиентаев күш сынасты. Бұл бәсеке Оңтүстіктен келген алыптың асығы алшысынан түсті. Ақтөбелік Асылбек Жәнібекұлы мен қостанайлық Мансұр Шадукаев үшінші сатыларға жайғасты. Бір айта кетерлігі, еліміздің ең үздік балуандары Нұрмахан Тыналиев пен Дамир Күзембаев айтулы додаға қатыспады.
Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 12:53
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
Әлем • Бүгін, 12:50
Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі Алматыдағы Nur Otan филиалын басқарады
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Өткен жылы 99 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды
Қоғам • Бүгін, 12:31
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Бүгін, 12:26
Жөтелді арақ буымен емдеуге бола ма?
Қоғам • Бүгін, 12:20
Дубайдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 12:16
Қуат Хамитов интернетке қосыла алмағандықтан сот отырысы кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 12:07
21 қаңтарда Сенаттың кезекті отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 12:06
Өмірзақ Шөкеев Түркістанда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады
Аймақтар • Бүгін, 12:03
Аягөзде 5 қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үй бастау алады
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Мағзұм Мырзағалиев қарағандылықтарға жаңа Экологиялық кодексті таныстырды
Аймақтар • Бүгін, 11:55
Атырауда сотталған азамат еріктілер қатарына қосылды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Монархияны сынаған таиландық 43 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 11:46
Глубокое ауданы ауызсумен қамтамасыз етіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Балаларды вакцинациялауға қатысты жалған ақпарат тарады
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Алматылықтар 80 миллион теңге шамасындағы қарыздарын төлемейтін болды
Аймақтар • Бүгін, 11:29
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір аптада 54 адам көз жұмды
Қазақстан • Бүгін, 11:25
Дональд Трамп жаңа партия құрғысы келе ме?
Әлем • Бүгін, 11:22
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған алматылық 4 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:16
Қоғам • Бүгін, 11:08
Қоғам • Бүгін, 11:07
Қазақстанда 2021 жылғы ҰБТ сынағы басталды
Қазақстан • Бүгін, 11:06
Шаңғы спорты түрлерінен биылғы әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді
Спорт • Бүгін, 11:04
Нұрлан Нығматулин жақын арада қабылданатын заңдар туралы айтты
Үкімет • Бүгін, 10:58
Әлімғазы Райымбековті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті
Руханият • Бүгін, 10:55
Мажарстанда тегін оқу стипендиясын қалай алуға болады
Білім • Бүгін, 10:45
Түрмедегі азаматтан есірткі табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:42
Ауыл шаруашылығы министрі швейцариялық компания өкілдерімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Қазақстанның 6 облысы «қызыл» аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:25
Түзеу мекемесіне жолданған шұжықтан 24 SIM-карта табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:18
Джо Байден АҚШ президенті міндетіне кірісу үшін Вашингтонға келді
Әлем • Бүгін, 10:09
Қазақстанда 25 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Димаш Құдайбергеннің «DIMASH DIGITAL SHOW» концерті көрсетіледі
Қазақстан • Бүгін, 10:04
Балқашта ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:57
Батыс Қазақстан: қызыл аймаққа – бір қадам
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Атырау тұрғындары Экология министріне «Табиғат» қорын құруды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 09:34
Алматыда ҰБТ басталды: Эпидемиялық талап басты назарда
Білім • Бүгін, 09:30
Коронавирус: Тараз «сары аймаққа» енді
Коронавирус • Бүгін, 09:30
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері талқыланды
Қоғам • Бүгін, 09:15
Пневмонияның 118 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:09
Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 жарым мыңнан астам пәтер үлестіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Су добынан әйелдер командасы жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 09:06
Коронавирустан бір күнде 948 адам жазылып шықты
Қазақстан • Бүгін, 09:05
Қазақстанда өткен тәулікте 1134 адам коронавирус жұқтырған
Қазақстан • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:49
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Оқиға • Бүгін, 08:45
Жетісуда індет жұқтырғандар көбейді
Қоғам • Бүгін, 08:43
Электронды қызмет көрсетуге көшті
Аймақтар • Бүгін, 08:41
Экономика • Бүгін, 08:40
Үздіктер тізімінде кімдер бар?
Спорт • Бүгін, 08:30
Спорт • Бүгін, 08:29
Он үш жасар оғлан ересектер арасында ел чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Руханият • Бүгін, 08:23
Руханият • Бүгін, 08:21
Өнер • Бүгін, 08:18
Оқиға • Бүгін, 08:11
Руханият • Бүгін, 08:07
Цифрлы келешек және ұлттық құндылықтар
Технология • Бүгін, 08:06
Қоғам • Бүгін, 08:03
Жарна төлеу қалай жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 08:02
Қоғам • Бүгін, 08:01
Қоғам • Бүгін, 07:59
Қазақы атаулар жаңа жылда арта түседі
Руханият • Бүгін, 07:58
Ұлықтайтын адамдарды ұмытпайық
Руханият • Бүгін, 07:56
Білім • Бүгін, 07:53
Балабақшаға екі жастан барса...
Білім • Бүгін, 07:52
Саясат • Бүгін, 07:47
Ұқсас жаңалықтар