Спорт • 28 Қараша, 2020

Данияр Елеусінов – IBF Inter-Continental чемпионы

125 рет көрсетілді

АҚШ-тың Холливудінде өткен бокс кешінде жерлесіміз Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) намибиялық былғары қолғап шебері Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Орта салмақта IBF Inter-Continental чемпионының бос тұрған белбеуі үшін болған бұл айқаста қазақстандық боксшы екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Сөйтіп Данияр Елеусінов өзінің кәсіпқой мансабындағы алғашқы атаққа қол жеткізді. Ол өз дивизионында IBF Inter-Continental чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар

Пневмониядан 1 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 11:44

Ұқсас жаңалықтар