Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімовтің айтуынша, аллеяда әйнектен жасалған 11 стендте еліміз тәуелсіздік алған кезден бері мемлекеттік қызметті дамытудың маңызды үш кезеңі қамтылвп отыр. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен транспаренттілігінің көрінісі сипатталыпты.
«Аллея «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшінің еңбегін ұлықтау үшін ашылған еді. Мұнда әйнектен жасақталған стендтер мен мемлекеттік қызметке жаңадан келген қызметшілердің ашық аспан астында ант қабылдауына арналған алаң бар» дейді Салауат Мүксімов.