Фото: commons.wikimedia.org
Flightradar24 порталының мәліметінше, жолаушылар ұшағы сәрсенбі күні Астана уақытымен сағат 05:38-де Оңтүстік Корея астанасынан ұшып шыққан. Ал сағат 12:54-те Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған.
Ұшақ шамамен Қарағанды облысы аспанында ұшып бара жатқан уақытта кері бұрылған. Порталда Airbus мәртебесі «Diverted to ALA» деп өзгертілген, ұшақ Алматыға қайта бағыт алған.

Swiss International компаниясына тиесілі ұшақтың шұғыл қону себебі әзірге жарияланбаған.