Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Із-түссіз жоғалған әйел басқа қалада қыдырып жүрген

810 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келестік полицейлер үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған әйелді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Із-түссіз жоғалған әйел басқа қалада қыдырып жүрген

Келес АПБ-не жергілікті тұрғын әйел арызданып, үйіне қыдырып келген тұрмыстағы қызының із-түзсіз жоғалып, табылмай жатқандығын хабарлаған. Алғашқыда жақындары мен ата-енесі іздеп, әрекеттенген. Нәтиже шықпағаннан соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Аталған жайтты келестік полицейлер бірден тіркеуге алып, жоғалған келіншекті іздестіре бастайды. Іздестіру жұмыстарына учаскелік полицейлер мен жедел уәкілдер жұмылдырылды. Олар келіншекті тез арада табу мақсатында такси жүргізушілерінен, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастырулар жүргізді. Нәтижесінде полицейлер бейнекамера арқылы келіншектің автокөлікке отырып, Шымкент қаласына қарай кеткенін анықтады.

Бір тәулік ішінде іс-түзсіз кеткен жас әйел мегополисте қыдырып жүрген жерінен табылып, жақындарына жеткізілді. Тергеу барысында анықталғандай небары алты ай бұрын отау тіккен ерлі-зайыптылардың арасында өзара кикілжің болған. Соның салдарынан ашуға бой алдырған келіншек ешкімге айтпастан үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.

Бүгінгі таңда арнайы мамандармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, келіншек үйіне қайтарылды. Өз кезегінде келіншектің жақындары мен қайын жұрты дін аман табылғанына қуанып, полицейлерге алғыстарын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше