Саясат • 01 Желтоқсан, 2020

Тиграйдағы қақтығыс

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эфиопия әс­ке­ри­лері Тиграй қала­сы­на беттеп, көтеріліс­ші­лер­мен қақты­ғыс­ты. Ресми билік пен «Тиг­рай­ды азат ету халықтық майданы» сепара­тистері арасындағы жанжал үшінші аптаға созылды.

Тиграйдағы қақтығыс

Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед Әли әзірге халықаралық қоғам­дастықтың атысты тоқтатып, келіссөз жүргізуге шақыруын құлағына ілер емес. Ол 2019 жылы Эритреямен арадағы көпжылдық шиеленісті шешкені үшін Нобель сыйлығын алған болатын.

Қақтығыс салдарынан мыңдаған адам қаза тауып, көпшілігі босқынға айналды. БҰҰ елде гуманитарлық дағдарыс басталғанын хабарлады. БҰҰ Эфиопия үкіметіне елдегі 4 лагерьге апарар жолды ашуды тапсырды. Мемлекеттегі шиеленіс салдарынан гуманитарлық көмекке зәру топпен байланыс үзілген. Олар бірнеше айдан бері еш көмек ала алмай келеді.

БҰҰ-ның босқындар мәселесі бойынша Эфиопиядағы өкілі Энн Енконтр «Гуманитарлық көмекті жеткізу қиындап кетті. Босқындармен байланыс үзіліп, шамамен 100 мың эритреялық азық-түліксіз қалды», дейді.