Қоғам • 01 Желтоқсан, 2020

Елбасы Абылай ханның үш арманы орындалып жатқанын айтты

636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Qazaqstan" ұлттық арнасындағы "Түркістан: Көне мен келешек көпірі" деректі фильмінде қазақ халқы қазіргі таңда Абылай ханның үш арманын орындап жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Елбасы Абылай ханның үш арманы орындалып жатқанын айтты

"Түркістанды көтеру – біздің халқымыз үшін қасиетті мәселе, біздің парызымыз. Бұл біздің көне, тарихы тереңде жатқан қаламыздың бірі. Басқа елге барсаң мысалы, Ресейдің Мәскеуден басқа Санкт-Петербургы бар. Түркияның Анкарадан басқа Ыстанбұлы бар. Бізде Алматымыз да бар. Енді барып келетін Түркістанымызда бар деп отырмыз. Сөйтіп-сөйтіп ел өркендейді, жер өркендейді", деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Одан өзге Елбасы Абылай ханның арманы орындалып жатқанын баса айтты.

"Қала сала алмадым деп кетті. Қазақты жерге жұмыс істеп үйретпедім деп кетті. Басын қоса алмадым деп үш арманымен өмірден өткен. Қала салу – сол ата-бабамыздың арманын орындаумен бірдей. Тәуелсіздігіміз де солай", дейді Тұңғыш Президент.