"Бұл әрине қажетті шешімдер. Бірақ осы реформаларды іске асыру кезінде оқытушылардың қажет емес есептер дайындауы, жалақыларының төмендігі және жүктеменің көптігі сияқты маңызды мәселелер жеткілікті деңгейде қарастырылмауда. Ал, бұл мәселелер білім беру сапасына тікелей әсер етеді. Оқытушылардың басты міндеті – білім беру. Бірақ есеп беру, жоспарлар толтыру сияқты қажеті шамалы міндеттемелер негізгі жұмыспен айналысуға кедергі жасайды", дейді Білім министрі.
Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов бір оқытушы 800 сағат жүктемені құрайтын 10 пәннен сабақ жүргізуі мүмкін екенін баса айтты.
"Жұмыстың көптігіне қарамастан, мардымсыз жалақы қарапайым қажеттіліктерге де жетпей жатады. Бұл ретте оқытушының өзін өзі кәсіби тұрғыда дамытуына уақыты ғана емес, басқа да мүмкіндіктері болмайды. Сол себепті біз осы мәселелерге баса назар аударудамыз", дейді Асхат Аймағамбетов.