Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2020

Түркістанда көпбалалы медицина қызметкерлеріне көмек көрсетілді

134 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысында көпбалалы және тұрмысы төмен 120 медицина қызметкеріне қайырымдылық жасалды. Облыстық денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің кәсіподағы аудан-қалалардағы ауруханаларға барып, медицина қызметкерлеріне  ең қажетті деген азық-түлік себеттерін  таратты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістанда  көпбалалы медицина қызметкерлеріне көмек көрсетілді

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мен «Densaulyq» медицина  қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы бірлесіп ұйымдастырған кезекті қайырымдылық шара Түркістан қаласында өтті. Онда медициналық мекемелерде жұмыс істейтін көпбалалы және жалғызбасты аналар мен тұрмыс деңгейі төмен қызметкерлерге ең қажетті деген азық-түліктер үлестірілді. «Мен жалғызбасты анамын, алимент алмаймын. Жалғыз табыс көзі – жұмыстан алатын айлығым. Бір жалақымен балаларымды асырау қиын маған. Үлкен қызым студент. Денсаулық басқармасына, кәсіподаққа рахмет үлкен, мұның өзі бізге үлкен көмек», дейді жалғызбасты ана Мөлдір Сәрсенбаева.

Сондай-ақ, кәсіподақ қызметкерлері бұл күні Түркістан қаласындағы медицина колледжінің студенттеріне арнайы стипендия тағайындап, сертификаттарын табыс етті. Ендігі жерде оқуда озат және белсенді жастарға  бір жыл көлемінде шәкіртақы берілетін болады. Айта кетейік, медицина саласында еңбек етіп жүрген әрбір қызметкердің тұрмыстық жағдайына бейжай қарамайтын кәсіподақ ұйымы биыл баспанасы өртенген және  өндірістік жарақат алған қызметкерлерге де материалдық көмек көрсетті. Ал пандемия кезінде науқастарды емдеймін деп, өздері бақилық болған дәрігерлер мен медбикелердің, тазалық қызметкерлері мен жүргізушілердің отбасыларына 100 мың теңгеден көмек берілген. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Марат Пашимовтың батамасымен карантиндік ахуал ескеріле отыра өңірдегі медицина қызметкерлеріне осылайша жан жақты қолдау көрсетіліп келеді. Материалдық қолдаудан бөлек ақ халатты абзал жандардың шипажайларда демалып, денсаулықтарын жақсартуларына да көп көңіл бөлінуде.

 

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше