Әлем • 02 Желтоқсан, 2020

Күзенді қырған COVID-19

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Литваның Йонав ауданындағы Danmink фермасы коронавирус жұғу салдарынан 40 мың күзенді қырып салды деп жазады BNS.

Күзенді қырған COVID-19

Литва мемлекеттік азықтүлік-ветеринар қызметінің мәліметіне қарағанда өткен аптада 1,2 мың күзен ауырып өлсе, 600 –інің көзін ферма өзі жойған еді. Ауданда төтенше жағдай жарияланып, кәсіпорынның кеткен шығынына өтем төлеу қарастырылыпты. Негізінде бұл фермада 59 мың күзен болыпты, енді соның 40 мыңын жойғанмен, қалғанын тұқым қалдыру үшін алып қалған көрінеді.

Йанов әкімшілігінің кеңесшісі Витаутас Каминаскас мұндай жағдайдың елде бірінші рет болуымен әзірге аң фермаларындағы вирус таралуын ауыздықтайтын нақты сызба жоқ. Сондықтан  аңдардың вирус жұқтыруы жайында мейлінше көбірек ақпарат жинауға тырысудамыз деген.

Danmink фермасының 4 жұмыскерінен короновирус анықталып, олар оқшаулануға жіберілсе, Радвилишкск ауданындағы  күзен фермасынан да 2 адамнан вирус табылған.

Осының алдында Дания, Испания, Италия, АҚШ, Нидерланд, Швеция және Грекия сынды елдердегі аң фермаларында вирус жұқтыру тіркелуіне байланысты  Литвада жүргізілген талдама қортындысының аяғы 40 мың күзенді қырып салуға әкелді.

Естеріңізге сала кетейік Дания билігі қараша айының басында күзендердегі коронавирустың мутацияға  жылдам ұшырап жатқанын хабарлап, бұл жағдайда COVID-19-ға қарсы жасалатын вакциналардың тиімділігі қалай болады деген қауіп айтқан-ды.