Әлем • 02 Желтоқсан, 2020

Ұлыбритания үкіметі мерекелік шараларға қатысты ұсыныстарын жариялады

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа елдері тұрғындарының басты мерекесі – Рождество жақындап келеді. Пандемияға байланысты биылғы мерекелік шаралар қатаң шектеулер жағдайында өтеді. Ұлыбритания үкіметі бұл мәселе бойынша ұсыныстарын жариялап үлгерді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлыбритания үкіметі мерекелік шараларға қатысты ұсыныстарын жариялады

Үй есігінен екі метр ара қашықтықта тұрып, алты адамнан аспайтын топ мүшелеріне Рождестволық әндерді айтуға рұқсат берілді. Хорға қатысушылар бір отбасының мүшелері болмаса, олар да өз араларында әлеуметтік арақашықтықты (екі метр) сақтаулары керек.

Мектептерде Рождестволық қойылымдардың өткізілуіне, қатысушы балалардың барлығы бір сыныптан болса ғана рұқсат етіледі. Індеттің таралу деңгейі жоғары аймақтарда қойылымдар ата-аналарға интернет арқылы көрсетіледі.

«Сантаның гроты» деп аталатын - Санта-Клаустың балаларды қабылдайтын сауда орталықтарындағы арнайы безендірілген бұрыштардың жұмыс істеуіне әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып және індеттің таралу деңгейі төмен аймақтарда ғана рұқсат етіледі.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше