Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2020

Желтоқсан айында ауа райы қандай болады?

2317 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Желтоқсан - қыстың алғашқы айы. Желтоқсан айында Сібір антициклонының одан әрі күшеюі байқалады, ең ұзақ түндер мен қысқа күндер тіркеледі, - деп хабарлайды "Қазгидромет"

Желтоқсан айында ауа райы қандай болады?

Ауа температурасы төмендей береді. Каспийдің шығыс жағалауындағы ауаның орташа айлық температурасы әлі де оң таңбалы, 1°С-қа дейін, республиканың қалған аумағында ол оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен 0 -5°С  -тан солтүстік пен шығысқа қарай -13-18°С-қа дейін төмендейді. Ең төменгі орташа айлық ауа температурасы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында -20-24°С.

Қарашадан желтоқсанға дейін Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын мөлшері азаяды, ал оңтүстікте, керісінше, ұлғаяды және оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың тау және тау бөктерлі аудандарында 25-50 мм, Шығыс пен Оңтүстіктің тауларында 51-200 мм (метеорологиялық бақылаулардың барлық кезеңі бойынша), батыста 32 мм-ге дейін, республиканың солтүстік және орталығында 10-24 мм құрайды.

Солтүстік аумақтарда жауын-шашын қар түрінде түседі, жаңбыр сирек жауады (10 жылда 2-3 рет байқалады). Оңтүстік облыстарда жаңбыр айына 1-4 рет, қар аралас жаңбыр айына 1-3 рет жиі жауады.

Желтоқсанның бірінші онкүндігінің басында және соңында республиканың солтүстік жартысында, орталығында және шығысында кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Ауа температурасының негізгі фоны түнде -23-28°С, күндіз -12-20°С болады. Онкүндіктің соңында түнде -13-23°С дейін, күндіз -5-13°С дейін аяздың әлсіреуі болжанады.

Еліміздің батысында антициклондық ауа райы басым, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде -15-25°С, күндіз -7-15°С шамасында болады. Бірінші онкүндіктің соңында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, ауа температурасы түнде -9-15°С, күндіз 0, -5°С дейін көтеріледі. Қазақстанның оңтүстік-батысында түнде -2-10°С тан -8-16°С дейін, күндіз -2+3°С тан -3-8°С-қа дейін температураның ауытқуы болжанады.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында онкүндіктің басында және соңында жауын-шашын жауады, онкүндіктің басында тау және тау бөктерлі аудандарда қатты жауын-шашын жауады, көбінесе қар түрінде. Тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанады. Ауа температурасы түнде -5-13°С-тан  -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+5°С-тан -8-13°С-қа дейін төмендейді.

Суық толқындардың оралуы күтілуде:

республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде желтоқсан айының ортасында термометр бағанасы түнгі сағаттарда -22-30°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін төмендейді;

Қазақстанның батысында екінші онкүндіктің басында және соңында ауа температурасы түнде -10-18°С, күндіз -5-13°С-қа дейін айтарлықтай төмендейді;

елдің оңтүстік бөлігінде екінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы түнде -10-20°С-қа дейін, күндіз -5-13°С-қа дейін төмендейді.

Айдың соңында Қазақстанның барлық аумағында аяздың әлсіреуі күтіледі.

Сонымен, Қазақстанның басым бөлігінде желтоқсан айында ауа температурасы норма шамасында, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында нормадан 1°С төмен болады деп күтілуде.

Жауын - шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Солтүстік Қазақстан облысында, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік жартысында, Ақмола облысының солтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан және Жамбыл облыстарының тау және тау бөктерлі аудандарында нормадан көп, Маңғыстау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік жартысында, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батыс жартысында нормадан аз болжанады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше