17 Сәуір, 2010

АЛАШТЫ АРДАҚТАҒАН ЖАЗУШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСУ

658 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері Алаш зиялылары туралы тарихи-ғұмырнамалық зерттеу еңбектері молынан жазылып, оқырманға көбірек жетіп отыр. Алайда, осы игі істерді насихаттау жағы кемшін түсіп жатқаны шындық десек, Астана қалалық тіл департаментінің тікелей ұйым­дас­тыруымен өткен “Ұраным-Алаш” атты әдеби кеш осы олқылықты толтыруға ниет жасаған секілді. Кеште Жарылқап Бейсен­байұлы, Тұрсын Жұртбай және Жолтай Әлмашұлы сынды қалам­герлер өздерінің Алаш ардақтыларына арналған шығарма­шылық табыстары жайлы әңгімеледі. Қаламгер Ж.Бейсенбайұлы Ш.Уәли­ханов өмірінің кейбір бізге белгісіз тұс­тарын сөз етсе, филология ғылымдарының докторы Т.Жұртбай Алаш көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай секілді ұлт қай­рат­керлері жайлы, олардың тартысты тағдыры туралы толғана сөйледі. Ал жазушы-драматург Жолтай Әлмаш­ұлының Мағжан ақынның абақтыдағы соңғы түнін сурет­тейтін “Абақты-ғұмыр” атты пьесасынан үзінді көрермендер назары­на ұсынылды. Бұл тарихи драма 2005 жылы Түркістан драма театрында Р.Сейт­метовтің сахналауымен көрермен­дерге жол тартқан еді. Содан бергі уақытта бұл туынды Қазақстанның көптеген қалаларына, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елдеріне гастрольдік сапармен барып, ондағы өнер сүйер қауымға көрсетілген болатын. Драмада М.Жұмабаев­тың Алаштың ардақты ұлдары, репрессия құрбандары Н.Төреқұлов, С.Қожановтармен өзара қарым-қатынасы суреттелген. Рысбек АСҚАРҰЛЫ.