Парламент • 02 Желтоқсан, 2020

Сенаторлар қауіпті өндірістердегі еңбек жағдайларын талқылады

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатта Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персоналды қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар қауіпті өндірістердегі еңбек жағдайларын талқылады

Заң жобасы Азаматтық, Еңбек, Кәсіпкерлік кодекстеріне және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» еліміздің заңдарына өзгерістер енгізеді.

Заң жобасының негізгі мақсаты - персоналмен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету саласын құқықтық реттеу, келісім жасау тәртібін айқындау және еңбекті қорғау саласындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу болып табылады.

Заң жобасы жұмыспен қамтудың осы саласының негізгі тұжырымдамаларын заңнамалық деңгейде бекітуге, жұмысшыларға еңбекақы мен сыйақы төлеу жүйесін нақтылауға, әлеуметтік қорғауды, оның ішінде еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтіндердің мәселелерін шешуге, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу тетігін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар