Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2020

Мақсат – ауруды ауыздықтау

239 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шектеу шаралары енгізілгеннен бері Шығыс Қазақ­станда Covid-19 індетінің таралуы сәл азайды. Денсау­лық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, қара­ша­ның екінші жартысында коронавирус Шығыс өңі­рінде саябырси бастаған.

Мақсат – ауруды ауыздықтау

Оның бірден-бір себебі – жер-жерлерде құрылған мо­ниторингтік топ санитарлық талаптардың сақталуын қа­таң қадағалауына алды. Об­лыстық бас санитарлық дәрі­гердің қаулысы шыға са­ла тиісті сала мамандарынан құ­рылған мониторингтік топ­тар­дың жұмысы күшейді. Қо­ғамдық орындарда үнемі рейд жұмыстарын жүргізіп келеді. Тәртіп қатайғанымен, ереже бұзу фактілері әлі де бар. Мәселен, облыс орта­лы­­ғында бір күнде 80 нысан тек­серілді. Нәтижесінде, дема­лыс күні жұмысын тоқтат­па­ған «Шанхай» автожуу ме­­ке­месінің қожайынына ­319 470 теңге айыппұл салын­ды. Сондай-ақ «Рауан», «Рубин», «Даниил», «Fix Price» дү­кен­дері мен «Азалия» гүл са­татын дүңгіршегінде са­ни­тарлық нормалардың сақ­талмағаны анықталды. Айып­пұлдың жалпы сомасы –
208 350 теңге.

Аурудың алдын алу үшін аудандарда да қоғамдық орын­дарға тыңғылықты тексе­ру жұмыстары атқарылып жа­тыр. Курчатов қаласында 5 ны­санда рейд жүргізіліп, са­нитарлық ережелерді сақта­ма­ған екеуіне айыппұл салынды.

Жарма ауданында са­ни­тарлық нормаларды бұз­ған екі жағдай тіркеліп, Қал­батау ауылының тұрғыны Р.Капслямоваға және Жаң­ғыз­төбе кентінің тұрғыны Г.Қа­сым­ханға 41 670 теңгенің хат­та­масы толтырылды.

Ал Алтай ауданында са­тып алушыларға ме­дици­на­лық қолғапсыз қыз­мет көр­сеткен «Фасоль» дүке­ні­нің директоры әкімшілік жауап­кершілікке тартылды.

Үржар ауданының Ма­қаншы ауылында дүкеннің сатушысында медициналық мас­калар қоры болмағандықтан, 41 670 теңгенің айыппұлын арқалады. Ал Үржар ауылында дүкенге маскасыз келген екі тұрғынға хаттама толтырылды.

Мұндай рейдтік шаралар Катонқарағай, Глубокое аудандарында да жүргізілді. Ол жақтардан да тәртіпке ба­ғынбағандар табылды. Заң алдында бәрі бірдей. Айып біріне тағылып, енді бірі жалтарып кетіп жатқан жоқ. Тексеру жұмыстары әділ жүргізілуі үшін мони­то­рингтік топтардың жұмысын «Шығыс – адалдық алаңы» жо­балық кеңсесінің өкілдері үнемі қадағалап отырады.

– Алғашында санитар­лық талаптарды сақтамағаны үшін халыққа ешкім айыппұл салмады. Тек түсіндіру жұ­мыстарын жүргізіп келген. Алайда көпшілік ережеге ба­ғынғысы келмеді. Сол үшін 16 қазаннан айыппұл салына бастады. Шындығында, кейбіреулер коронавирустан емес, айыппұлдан қорқады екен. Қазір тәртіп орнап ке­леді. Сараптап қарасақ, сани­тарлық талаптар көбінесе түн­де бұзылады. Мысалы, той жасау әлі де тыйылмай тұр, – дейді «Шығыс – адал­дық алаңы» жобалық кең­се­сінің жетекшісі Маржан Бақытқызы.

Сайып келгенде атқары­лып жатқан шаруалардың барлығы халықтың саулығы үшін. Алайда соны түсін­бе­гендер қарапайым ғана ере­жені сақтаудың орнына мо­ниторингтік топ мүше­ле­ріне қарсыласып, қо­қан-лоқы да көрсететін кө­рі­неді. Даулы жағдайдағы хат­­тама сотқа жолданады. Облыс орта­лығындағы рейд­­тік шаралар кезінде бір тұр­ғынға қатысты мате­риал Өскемен қаласының ма­мандан­ды­рылған әкімшілік сотына жіберілді.

Айта кетсек, Шығыс Қа­­зақ­­стан облысында 128 мо­­ниторингтік топ жұмыс іс­тейді. Олардың құрамына полиция қызметкерлері, жер­гілікті атқарушы органдар­дың өкілдері, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің са­пасы мен қауіпсіздігін ба­қылау басқармаларының ма­ма­ндары кіреді. Аймақтағы ахуал тұрақталғанша бұл ба­ғыттағы жұмыстар жалғаса бермек.