Бұл туралы Kaspi.kz Директорлар кеңесінің төрағасы және негізін қалаушылардың бірі Вячеслав Ким былай деді:
«Біз Қазақстанның ерекше табиғи және мәдени құндылықтарын сақтауға үлес қосқымыз келеді. Жоба аясында ғылыми зерттеулер мен білім бағдарламаларына қаржылай қолдау көрсетеміз. Біз отбасыларымыз бен балаларымызда еліміздің тамаша табиғатынан ләззат алу мүмкіндігі болуы үшін Ұлттық парктердің дамуына қатысамыз. QazaqGeography-мен бірге еліміздің ұлттық мақтанышы мен байлығына айналған құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізуге бар күшімізді саламыз».
Ал Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе: «Kaspi.kz миссиясы сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартуға және QazaqGeography-мен бірлескен жобаға толық сәйкес келеді. Бәріміз әсем табиғатты жақсы көреміз және саламатты өмір салтын ұстанамыз. Біздің мақсатымыз өте қарапайым – біз сүйікті клиенттеріміз бен олардың отбасыларының және барлық қазақстандықтардың ұлттық парктерге рахаттанып баруы үшін QazaqGeography-ге экологиялық туризмнің тартымдылығын жақсарту және сапалы, заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға көмектескіміз келеді», деп атап өтті.
QazaqGeography басқарма төрағасы Орман Нұрбаевтың айтуынша, Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – кез келген табысты компанияның жұмысындағы маңызды бөлігі. Kaspi.kz-тің ұлттық табиғи байлықты сақтау және дамыту мәселелерін шешуге белсене қатысуы жоғары азаматтық жауапкершіліктің үлгісі. «Біз Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени мұрасының танымалдылығын арттыруға, қоршаған ортаны қорғап, Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды тұрақты дамыту мен экотуризмді дамытуға бірлесе отырып күш саламыз», деді ол.
Айта кетелік, QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі 2013 жылдың 16 қазанында құрылған. Бірлестіктің мақсаты – Қазақстан мен әлемде табиғат, қоғам мен мәдениет туралы білім тарата отырып, дамыту және азаматтарды өзін-өзі дамытуға, қоғам мен әлемге қызмет етуге шабыттандыру. QazaqGeography-дің маңызды міндеттерінің бірі – қоршаған ортаны сақтауға қамқорлық жасау мен экологиялық туризмді дамытуға ықпал ету.
Сондай-ақ Kaspi.kz миссиясы – тұтынушының өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер жасау мен қызметтер көрсету. Банк инновациясының негізінде өз саласындағы жалғыз және елдегі ең танымал, 8,5 миллионнан астам қазақстандық қолданатын мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр. Kaspi.kz мобильді суперқосымшасының көмегімен банк клиенттері төлем мен аударым жасап, жеке қаражаттарын басқарады және жеткізу қызметімен тиімді онлайн форматта зат сатып алады.