Елорда • 03 Желтоқсан, 2020

Елордада 6 желтоқсанда қоғамдық көліктер жүрмейді

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы жексенбі, 6 желтоқсанда елордада қоғамдық көліктер жүрмейді, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада 6 желтоқсанда қоғамдық көліктер жүрмейді

City Transportation Systems (CTS) компаниясының ақпаратына орай, 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

"Дүйсенбі, 7 желтоқсаннан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды. Барлық өзгерістер туралы ресми парақшамыздан біле аласыз. Баршаңызды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді", деп атап өтеді компаниядан.