Әлем • 03 Желтоқсан, 2020

Түрікменстанда есірткі жағатын жаңа кешен ашылды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадтан 100 шақырым жерде орналасқан есірткі жағатын жаңа кешенді ашты, деп хабарлайды Egemen.kz

Түрікменстанда есірткі жағатын жаңа кешен ашылды

Ел президентіне "кешенде үш заманауи ашық және жабық пеш, сондай-ақ адам денсаулығы мен экологияға қауіпсіз және тиімді, озық технологиялар орнатылғаны" туралы хабарланған.

Есірткі салынған қаптарды Бердімұхамедовтің өзі пешке салып өртеді.

"Мемлекет басшысы контрабанда тауарының бірнеше қабын пешке салып өртеді. Пеш халықаралық нормаларға сәйкес және есірткі заттарын өртеп, түгел жояды. Жиналған азаматтар ұлт басшысынан үлгі алып, есірткі және психотроп заттарды өртеді. 122,5 келіге жуық есірткі жойылды", делінген агенттік хабарламасында.