Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2020

Өмірзақ Шөкеев мал ұрлығын болдырмауды міндеттеді

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының ашылымы бойынша республикада Түркістан облысы алдыңғы шепте. Атап айтсақ, ауыр дәрежелі мал ұрлығы қылмыстарының ашылымы 76,9%-ға жақсарған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өмірзақ Шөкеев мал ұрлығын болдырмауды міндеттеді

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мәжілісінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мал ұрлығына тосқауыл қоюда аудан, ауыл әкімдері мен полицияның бірігуін тапсырды. «Аудан деген алақандай жерде қалай мал ұрланғанын ешкім білмейді? Бәрі бір-бірін біледі. Кім бейім екенін біледі. Кімнің малы ұрланатынын біледі. Ондайға шара қолдану, тоқтату керек. Барлық аудан, ауыл әкімдері мен полиция бірігіп, тез арада қолға алыңыздар. Жалпы мал ұрлығын болдырмау керек»,  деді облыс әкімі.

Облыстық полиция Департаменті басшылығының мәлімдеуінше, Қылмыстық Кодекске енгізілген өзгерістер бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының еке есе азаюына ықпал еткен. Комиссия мәжілісінде мал ұрлығының жасалу тізбегі бойынша жұмысты күшейтіп, мал базарларындағы талапты қатайту жүктелді. Сараптамаға сәйкес, мал ұрлығының 61,7%-ы жайылым жерлерден орын алған. Осыған орай өңірде «мал иесі-жергілікті атқарушы орган-бақташы» үшжақты келісімшарт жасау жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, отырыста облыс аумағында жалпы қараусыз және табылған малдарды ұстауға арналған орындардың жеткіліксіздігі жайлы мәселе қозғалды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше