Спорт • 04 Желтоқсан, 2020

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпиоанаты өтеді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-19 желтоқсан аралығында Алматыдағы «Алматы Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпиоанаты өтеді

Турнирде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар толық сақталады. Атап айтар болсақ, жарысқа жүз адамнан артық қатыстырылмайды. Сондай-ақ, індеттің алдын алу мақсатында залға көрермендер жіберілмейді.  Әрбір командада 12 спортшы, 4 бапкер және 1 төреші болуы міндетті. Тек қана Алматы мен Нұр-Сұлтан командаларының құрамы 16 адамға дейін кеңейтілген. 

Айта кетелік, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальмен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.