17 Сәуір, 2010

КЕДЕНДІК ШЕКАРАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

587 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қырғыз Республикасы аума­ғын­дағы болып жатқан саяси тұрақсыздыққа байланысты Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаменті тарапынан арнайы бұйрықпен кеден шекарасы аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қолға алынып, бірқатар жұмыстар атқарылуда. Нақты айтар болсақ, департа­мент бастығының міндетін атқарушы Ерқабыл Қожбанов­тың бұйрығымен Жамбыл облысы аумағындағы кедендік бақылау аймақтарына департа­мент­тің контрабандаға қарсы күрес басқармасы, ішкі қауіп­сіздік бөлімінің қызметкерлері, Қазақ­стан Республикасы ҰҚК шекара қызметі мен басқа да құқық қорғау органдарымен бірі­ге оты­рып, “Қордай”, “Сыпа­тай ба­тыр”, “Айша бибі” кеден бекет­тері мен оларға қарасты бақы­лау-өткізу пункт­терінде жедел-бөгеу шараларын жүргізуде. Қырғызстандағы шиеленісті жағдайды бас пайдасына жара­тып қалуға тырысушылар да жоқ емес. 9 сәуірде “Қордай” кеден бекетінде Әзірбайжан Республи­касының азаматын тексеру кезін­де кедендік ресімделмеген 317 дана техникалық алмас тас, 1 су тасы және моншақтар табылған. Сондай-ақ, сол күні Қырғыз Рес­публикасынан Қазақ­стан Рес­публикасына бет алған азаматша кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрі бойынша заңнамаларды бұза отырып, алтыннан жасалған 7 дана алқа, 9 дана әйелдер сақинасы, 1 дана ерлер сақинасы, 4 пар сырға және 5 дана алтын білезік пен кулондарды алып өтпек болған жерінде құрықталды. Бұл фактілер бойынша еліміз ҚК-нің 209-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы орындарға жолданды. Кедендік шекарадағы қауіпсіздік шаралары одан әрі қатаң қадағалауға алынуда. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.