"Осы жылы 4 көпірде қайта құру жұмысы жүргізіліп, 4 көпір күрделі жөндеуден өтті. Осындай жұмысдардың нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі жыл соңына дейін 60 пайызға жететін болады", - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Спикердің айтуынша қалада жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін, ағымдағы жылы газбен жүретін 590 жаңа автобус әкелініп, қаладағы автобус парктерінің 80 пайызы жаңарған. Сонымен қатар, қоғамдық көліктерге «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі енгізіліп, 260 аялдама орнатылған.