Тағайындау • 07 Желтоқсан, 2020

Маңғыстау облысында ТЖД-ның жаңа басшысы тағайындалды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов аппараттық жиында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа басшысын ұжымға таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстау облысында ТЖД-ның жаңа басшысы тағайындалды

Сөйтіп облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметіне Мұрат Мұханов тағайындалды.

Мұрат Сейтмолдаұлы 1985 жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген, 2020 жылы РФ Азаматтық қорғаныс, ТЖ және табиғи апаттардың салдарын жою істері жөніндегі министрлігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.

2006 жылдан 2010 жылға дейін мемлекеттік өртті бақылау бағыты бойынша әртүрлі лауазымда жұмыс істеді.

2010 жылы мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің бастығы қызметіне, 2016 жылы Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының бастығы лауазымына және 2017 жылы Департамент бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.