Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

Алматы мен Талғар арасын электр пойызы жалғайды

955 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы мен Талғардың арасын  жалғайтын  электр пойызын желілері жобасы туралы  ОКҚ алаңында  өткен онлайн брифинг барысында BRT және LRT желілері бойынша жұмыс туралы айтты, -  деп жазады Egemen.kz.

Алматы мен Талғар арасын электр пойызы жалғайды

 BRT сызығының бағыты айқындалған. Оның жалғасы - Тимирязев бойында - Желтоқсан, Төле би бойында орналасқан. Бұл жоба қазір талқыланып жатыр.  Нақты бір шешім қабылдамастан бұрын  қоғамдық тыңдаулар өткіземіз. LRT-ге келетін болсақ,  жұмыс аяқталған жоқ. Желілерді алып тастау жалғасуда, және біз қаржыландыру қалай жүзеге асырылатыны туралы жұмыс істеп жатырмыз, - деп түсіндірді әкім.

Оның айтуынша, егер қарыз қаражаттары тартылса, несие қандай валютада және қандай бағаммен алынатынын есептеу керек.

 Сағынтаев сонымен қатар Талғардан Алматыға келушілерді қаланың шығыс бөлігіне жеткізетін, содан кейін облыс тұрғындары қоғамдық көліктермен жүре алатын электр пойызын іске  қосу қажеттілігі туралы айтты.
Әкімнің айтуынша, мұндай шешім Талғар бағытындағы кептелістер мәселесін шешуге көмектеседі. Оның айтуынша, бүгінде жобаға қызығушылық танытатын жеке инвестор бар.

–Бұрынғы Саяхат автовокзалының аумағы қазір жеке меншікте, бірақ жеке меншік иелері қызығушылық танытты. Мұндай хаб құру үшін жұмыс істеуге болады, - деді Сағынтаев.

Алматы әкімі осыған дейін  Сағынтаев адам көп болатын автобустар туралы айтқан болатын. Ол сонымен қатар троллейбустардың Алматыда қалатын-қалмайтынын айтты.