Бұл жұмысқа балық шаруашылығы субъектілері, еріктілер, сондай-ақ күріш өсіретін ұйымдардың өкілдері қатысты. Нәтижесінде Атырау облысында 56,7 млн.балық, Түркістан облысында – 10,3 млн, Қызылорда облысында – 8,3 млн., басқа өңірлерде – 9,9 млн шабақ балық құтқарылды.
Құтқарылған балықтардың түрлік құрамы-сазан, ақмарқа, мөңке, қарға, құмай, осман, көксерке, алабұға, шортан, тұқы, табан, торта, оңғақ.
Балық ресурстарын сақтау бойынша іс-шараларды өткізуге 851 адам және 153 бірлік техника жұмылдырылды.
Ихтиологтардың мәліметтері бойынша Қазақстанда балықтың 100-ден астам түрі мекендейді. Олардың 70-і өнеркәсіптік құндылыққа ие, 18 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
2020 жылдың басынан бастап ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 85,2 млн.шабақты балықтың қырылу қаупі бар және су қоймаларынан, сондай-ақ еліміздің күріш чектерінен құтқару жұмыстарын жүргізді.
Түркістан облысында Отбасын қолдау орталығы ашылды
Отбасы • Кеше
ТМД Парламентаралық ассамблеясы отырысы
Саясат • Кеше
Сатира • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше