17 Сәуір, 2010

БІЛІКТІЛІК – БАСТЫ ТАЛАП

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бас прокуратура жанындағы С.Есқараев атындағы прокуратура органдары қызмет­керлерінің біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық тәртібі мәселелерін зерттеу институты мен ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы бірлесіп “Қылмыстық сот процесінде прокурорлар қыз­метін жетілдіру” атты өңірлік семинар өткізді. Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы жетекшісінің орынбасары Жаннет Клетцер Қазақстан төрағалық ететін аталмыш ұйым азаматтар құқының сақталуын қорғау, соның ішінде әділ сот төрелігін қолдау бағытында барынша жұмыс жасайтындығын атап өтті. Сондықтан халық­аралық адам құқығы жөніндегі ұйым прокурор­лардың елімізде қабылданған жаңа заңдарды және ондағы нормаларды қажетті деңгейде қолдана білуі үшін олардың біліктілігін жетіл­діруге мән береді. Бас прокуратура жанындағы институт осы бағыттағы жұмыстарды іске асырады. “Егемен-ақпарат”.