Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2020

Қызылордада Еріктілер күні атап өтілді

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық жастар ресурстық орталығында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Еріктілер күнін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада Еріктілер күні атап өтілді

Қызылордалық еріктілерді мерекемен орталықтың директоры Бауыржан Мастеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Рафхат Бисенов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының директоры Мұрат Әйтімов құттықтады.

"Еріктілер қиын уақытта елге көмек көрсетті. Болатбек Айтбенбетовтың басқаруындағы волонтерлердің фронт-офисінің үлесін бағалау керек. Еріктілер дәрі-дәрмек таратып, оттегі баллондарын жеткізіп, қайырымдылықпен айналысқан", — деді Б.Мастеков.

Салтанатты бөлім тренингтермен, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша мастер-класспен және зияткерлік ойындармен жалғасты. Ерекше көзге түскен еріктілерге алғыс хаттар мен демеушілер атынан сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ Еріктілер күніне арналған фотобайқаудың жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024