"Алдыңғы қатарлы әлемдік брендтердің заманауи, портативті құралдарымен жабдықталған 35 жаңа автокөлік алынды. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 100 жаңа автокөлік келіп түседі деген жоспар бар. Жедел медициналық жәрдем қызметі коронавирустық инфекцияның жазғы толқыны кезеңіндегі жұмыс тәжірибесін ескере отырып, материалдық-техникалық базаны жақсартты", деді Б.Оспанов.
Сондай-ақ, ол жедел жәрдем көліктерін дезинфекциялық өңдеуге ерекше назар аударылатынын айтты. Машиналарды дезинфекциялау I және II эшелондардың барлық клиникаларында суық бу генераторы әдісімен жүргізіледі.
"Пациентті жеткізгеннен кейін стационарларда заманауи технологияларды пайдалана отырып, санитариялық автокөлікті байланыссыз "суық бу" генераторы арқылы дезинфекциялау жүргізіледі. Болу уақыты 10 минутты құрайды, бұл – көліктің медициналық ұйымдарда болуын 3 есеге қысқартады", деп атап өтті Б.Оспанов.
COVID-19 жаңа толқынына дайындық аясында диспетчерлік қызмет те күшейтілді. Жедел медициналық жәрдем қызметінің алдыңғы шебінде 365 дәрігер, 1 388 фельдшер жұмыс істейді.
Бұдан басқа, жедел медициналық көмек қызметінің жұмысын жаңғырту бойынша келесідей шаралар қабылданды:
Бригадалар санын 220-ға дейін арттыру;
Қосымша 40 бригадаға есептеу;
ӘМСҚ қаражаты есебінен резервтік қатардағы 20 машина;
Әкімдік қаражаты есебінен жеке компаниялардың 20 автокөлігін тарту;
Асқыну кезеңінде кадрлар санын 120 фельдшерге дейін ұлғайту;
Кадрларды тарту;
АМК және РМК түлектерінен дайындалған 60 ерікті фельдшер;
Жеке медициналық орталықтардың 60 фельдшері;
Асқыну кезеңінде ақпараттық-жедел диспетчерлік бөлімді кеңейту және 103 нөмірі бойынша қабылдайтын фельдшерлер санын 60-қа дейін көбейту;
Шұғыл түрде 3000-505 Call-center ашылды.
Бүгінде жедел медициналық көмек қызметінің құрылымында барлығы – 12 қосалқы станса, 180 бригада, 3219 қызметкер бар.