Г. атты азаматша осыдан екі ай бұрын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атына арнайы хат жазып, өзінің 2015 жылдан бастап өкпе демікпесіне шалдыққанын, сол кезден бастап 24 сағат бойы ИВЛ аппаратына мұқтаж екенін, аппаратсыз мүлдем қимылдай алмайтынын, қазіргі уақытта өзінің аппараты бұзылып тұрғанын, сондықтан жаңа аппарат алуға жәрдем беруді сұраған болатын.
Бас мүфти науқас жанның тілегін қабыл алып, "Зекет" қорының директоры Талғат Омаровқа хат иесіне аппаратты тезірек жеткізіп беруді тапсырды. Айта кетейік, пандемия басталғалы "Зекет" қоры еліміздегі науқас жандарға қол ұшын созу мақсатында "Өмірге үміт сыйла" акциясын өткізді. Акция аясында демеуші азаматтардың көмегімен 18 дана өкпені жасанды тыныстандыру аппараты, 891 оттегі құрылғысы, 20 обаға қарсы киім, 255 монометр, 528 пульсометр, 60 термометр, 136 701 бетперде,15 000 қолғап және басқа да дәрі-дәрмектерды тиісті орындарға жеткізді.