![Өмірзақ Шөкеев азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырды](/media/2020/12/02/0faa2453a60ede534f57f4e06af7eeb1_original.81276.jpg)
Осыған орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық мәжілісте барлық жауапты басшыларға халық көп тұтынатын тауарлардың бағасын тұрақтандыруды тапсырды. Мамандар елдегі төтенше жағдай және ұзартылған карантиндік шаралар кезеңінде сауда нысандарының қызметін тоқтата тұруы теңге бағамының төмендеуін, халық тарапынан сұранысты шектеп тауарлар бағасының өсуіне алып келгенін айтады. Сол себептен аудандардағы егістік алқаптарда пияз бен сәбіз секілді маусымдық көкөніс түрлерін көптеп егу ұсынылды.
Өңірде әлеуметтік сұраныстағы 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасы бақылауға алынған. Бағаны тұрақты сақтау үшін облыстық тұрақтандыру қоры сауда орталықтарына тауарларды жеткізіп отыр. Базардағы азық-түлік бағаларының құбылып тұратынын ескерген облыс басшылығы кәсіпкерлермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтермеу жөнінде жиын өткізіп, ортақ келісімге келген. Арнайы мобильді топ бағаны күнделікті бақылауда. Өңірлік тұрақтандыру қоры арқылы баға сұрату тәсілімен қосымша 403,4 тонна азық-түлік тауарлары сатып алынған.