Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2020

Түркістанда жаңа орталық ашылды

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында "Парасаттылық орталығы" ашылды. Жоба облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті және Түркістан қаласының әкімдігінің бастамасымен жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістанда жаңа орталық ашылды

Орталықтың ашылу рәсіміне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев қатысты.

Орталықтың басты мақсаты – халықтың өзекті мәселелерін шешу бойынша шұғыл әрекет ету және азаматтардың құқығын жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың өзара бірлесе әрекеттесуін қамтамасыз ету.

"Қазіргі уақытта "Адалдық алаңы" жобасы аясында облыста мемлекеттік қызметтерді алу барысында қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін, сонымен қатар әкімшілік кедергілер мен бюракратиялық созбалаңды болдырмауға бағытталған мемлекеттік органдардың "сервистік" үлгіге көшу процесі қарқынды жүргізілуде", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта. 

Түркістан облысының әкімі орталықтың ашылу рәсімі барысында тағы бір елеулі оқиғаның өтіп жатқанын баса айтты. 

"Түркістанда көптеген ғимараттар ашылып жатыр. Бірақ бұл ғимараттың орны бөлек. Адалдық орталығына халық келіп өз мәселелерін айтып, тиісті құқықтық кеңестер алады. Бұл – Елбасымыздың талабы, президентіміздің "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының жүзеге асуы. Бұл мемлекеттік қызметтердің ашықтығына жаңа қадам болмақ. Сондықтан біз үшін бұл үлкен оқиға деп ойлаймын", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Айта кетейік, орталықтың қызметіне азаматтардың мәселелерін жедел әрі бірлесе шешу, өтініштерді қабылдау, тегін құқықтық кеңес көрсету кіреді. Сондай-ақ, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылданатын болады.   

Айта кетейік, орталықтың қызметіне азаматтардың мәселелерін жедел әрі бірлесе шешу, өтініштерді қабылдау, тегін құқықтық кеңес көрсету кіреді. Сондай-ақ, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылданатын болады.