"Коронавирусқа қатысты жағдай шиеленісіп тұр, осыған байланысты кәсіпкерлерге тағы да айтарым жаңа жылдық ертеңгіліктер мен корпоративтерге тыйым салынады", деді Ж.Бекшин.
Алдыңғы ақпараттарда хабарлағанымыздай Алматы қаласы коронавирус таралуы бойынша "сары" аймаққа оралған еді.
Осыған сәйкес Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша 8 желтоқсанда Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта болса, ал "сары" аймақта Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы бар. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.