Экономика • 11 Желтоқсан, 2020

Ұлттық банк қаржыландыру лимитин белгіледі

188 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру шеңберінде банктерді қаржыландыру лимиттерін белгіледі, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық банк қаржыландыру лимитин белгіледі

Қосымша бөлінген 200 миллиард теңгені ескере отырып, жаңа лимиттер белгіленді. Атап айтқанда, қаржылық реттеуші банктер үшін осындай лимиттер белгіледі: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ - 229,3 млрд теңге, «Jysan Bank» АҚ - 13,5 млрд теңге, «Жинақ банкі» АҚ ЕБ - 131,3 млрд теңге, Банк ЦентрКредит АҚ - 93 млрд теңге,«Bank RBK» АҚ - 67,4 млрд теңге, «Нұрбанк» АҚ - 15 млрд теңге, «Еуразиялық банк»АҚ - 35,8 млрд теңге, «Альфа-Банк ЕБ» АҚ - 39,8 млрд теңге, «Алтын Банк» АҚ - 11,7 млрд теңге, «АТФ Банк» АҚ - 60,1 млрд теңге, «ForteBank» АҚ - 61 млрд теңге, Банк ВТБ АҚ еншілес ұйымы (Қазақстан) - 12,1 млрд.

Барлығы 770 миллиард теңге бөлінді.

Ұлттық банк агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді қамту аясы кеңейтілгенін атап өтті. Бағдарламаның мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда ұзартылды, қаражатты беру мерзімі 2021 жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімді қамтиды.

Ірі кәсіпорындарға несие беру үшін төтенше жағдай режимін енгізу әсер еткен өндірістік және қызмет көрсету салаларындағы қызметтердің тізбесі анықталды, ол Ұлттық Банк Төрағасы мен Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы бірлескен бұйрығымен бекітілген. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте халыққа үндеу жолдады. Мемлекет басшысы Ұлттық банк ең көп зардап шеккен секторлардағы ШОБ үшін айналым қаражатын толтыру бағдарламасын жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Бағдарлама биыл аяқталуы керек болатын. Алайда Президент оның қолданылу мерзімін 2021 жылдың соңына дейін ұзартуға, сондай-ақ оның қамту аясын кеңейтуге бұйрық берді. Бұл мақсаттарға қосымша 200 миллиард теңге қарастырылған.