Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2020

Еуропа комиссияның төрағасы Қазақстанды алдағы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

191 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еуропа комиссияның төрағасы Қазақстанды алдағы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Еуропа комиссияның төрағасы Қазақстанды алдағы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Еуропа комиссияның төрағасы (Еуропа кеңесінің Венециялық комиссиясы) Джанни Букиккио Қазақстан мен Еуропа кеңесі арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін I дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Марапаттау рәсімі Еуропа кеңесінің штаб-пәтерінде Адам құқықтары күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтті.

Комиссия басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Тәуелсіздік күнімен жылы құттықтауларын және қазақ халқына ізгі тілектерін жеткізуді сұрады. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына куә бола отырып, ұлттық заңнаманы реформалауға қатысқан Дж. Букиккио мемлекет басшылығы жүргізіп отырған ішкі саяси бағытқа, сондай-ақ еліміздің конституциялық және сот органдарының қызметіне жоғары баға берді.

Сонымен қатар, Венециялық комиссияның жоғары лауазымды өкілдері Томас Маркерт, Сергей Кузнецов және Шнуц Дюрр «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды.

Дж. Букиккио комиссия тарапынан Қазақстан оны әрдайым елдің демократиялық қалыптасуына ықпал ететін сенімді досы мен серіктесі ретінде көре алатынын атап өтті.

Венециялық комиссия өкілдері Қазақстандағы ағымдағы ішкі саяси және әлеуметтік реформалармен, елдің 2021 ж. 10 қаңтарында өтуі тиіс параламенттік сайлауға дайындық барысымен, сондай-ақ Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің «Адам құқықтары-жаһандық және ұлттық басымдық» атты мақаласымен танысты.

Құқық арқылы демократия үшін еуропалық комиссия (Венециялық комиссиясы) Еуропа кеңесі жанындағы конституциялық құқық бойынша консультативтік орган және адам құқықтарын қорғау саласындағы негізгі сараптамалық институт болып табылады. 2012 жылдан бастап Қазақстан оның толыққанды мүше бола отырып, алдыңғы қатарлы шетелдік құқықтық технологияларға қол жеткізуде. Комиссиясының ұсыныстары ұлттық заңнаманы әзірлеу кезінде қолданылады.