05 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №966

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 16 қыркүйек,  Астана, Үкімет Үйі
Жергілікті атқарушы органдардың 2013 жылға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 164-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың 2013 жылға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері белгіленсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі №966 қаулысына қосымша

Жергілікті атқарушы органдардың 2013 жылға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері
мың теңге
Р/с
№ Жергілікті атқарушы орган Жергілікті атқарушы органдардың
мемлекеттік концессиялық
міндеттемелерінің лимиті
1 2 3
1 Ақмола облысы 6 763 505
2 Ақтөбе облысы 11237 356
3 Алматы облысы 13 272 889
4 Атырау облысы 13 535 709
5 Шығыс Қазақстан облысы 12 704 516
6 Жамбыл облысы 6 211048
7 Батыс Қазақстан облысы 11 473 498
8 Қарағанды облысы 18 052 861
9 Қостанай облысы 8 711388
10 Қызылорда облысы 4 525 322
11 Маңғыстау облысы 11 358 500
12 Павлодар облысы 12 020 246
13 Солтүстік Қазақстан облысы 2 758 754
14 Оңтүстік Қазақстан облысы 12 380 506
15 Алматы қаласы 18 109 062
16 Астана қаласы 22 352 542

Соңғы жаңалықтар