05 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №974

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 16 қыркүйек,    Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының,
әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының
мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті
байланыс жолдары мен арналарын, кабель кәріздеріндегі арналар мен
алаңдарды беру қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу ережесін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
14 сәуірдегі №514 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кабель кәріздеріндегі арналар мен алаңдарды беру қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі №514 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №19, 170-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кабель кәріздеріндегі арналар мен алаңдарды беру қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу ережесінде:
көрсетілген ережеге 2-қосымшада:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кабель кәріздеріндегі арнада кабель-орындарды пайдалануға беру».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі              С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар