Бағдар барлық патрульдерге жіберілді. Сағат 9 кезінде патрульдік полиция батальоныныңинспекторлары, аға лейтенант Нарасан Әміржановпен лейтенант Бахтияр Алпыспаев іздеудегіавтокөлікті Шал ақын ауданының орталығыСергеевка селосының маңында, "Жезқазған-Петропавл" автожолының 794 шақырымындатоқтатқан. Бұл Петропавл қаласынан 160 шақырымдай жер.
Рөлде 1998 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны болған. Оқиға орнына Шал ақын ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, жүргізуші автокөлікпен бірге аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Машинаны ұрлаған Петропавл қаласының 22 жасар тұрғыны болып шықты. Қазір оның үстінен ҚК 188-бабы 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша іс қозғалып, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.